Геннадий Головкин: «Мен «Канелодан» гөрі Мэйвезермен кездескенді қалаймын»

«Кез келген боксшымен кездесуге дайынмын. Мен чемпионмын және үлкен шоуға дайынмын. Мен «Канелодан» гөрі Мэйвезермен кездескенді қалаймын. Флойд пен Пакьяоның қайта кездесуі қоғам үшін қызықсыз. Олардың бірінші жекпе-жегі тартымсыз болғаны да адамдар үшін жеткілікті», - деді GGG.

23 сәуірде Головкин америкалық Доминик Уэйдпен «Жеңілмегендер» (Undefeated) бокс шоуы аясында Лос-Анджелесте «Форум» аренасында кездеседі.