Геннадий Головкин Монте-Карлоға келді

21 ақпанда   Salle des Étoiles аренасында ол 32 жастағы британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шығады, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.

Бірнеше күннен кейін Головкин мен Мюррей журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Жұмада, 20 ақпанда ресми өлшеу рәсімі өтеді, ал жекпе-жек Астана уақыты бойынша сенбіден жексенбіге қараған түні болады.

Алдағы айқас екі боксшы үшін де кәсіби рингтегі 32-ші кездесу болмақ. Бұдан бұрынғының бәрін Геннадий жеңіспен аяқтады. Ал Мюррей  29 рет жеңіске жетіп, 1 рет жеңіліп, бір кездесуде тең түскен.