Бастапқы раундтарда қарсыласының қимылын бағып, осал тұсын iздеген Геннадий, раунд өткен сайын қарқынын үдете бердi және 4-раундта қарсыласын бүйiрiнен батыра ұрып, екi мәрте нокдаунға жiбердi. Ал 10-раундта оң қолымен бастан соққы жасаған Головкин қарсыласын жерге құлатты. Бiрақ Мюррей орнынан тұра алды. Дегенмен 11-раундта жойқын соққыларды өткiзiп алғандықтан, төреші жекпе-жектi тоқтатты. Осылайша Головкин 32 кездесуде жеңiске жетiп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады және әйгiлi Майк Тайсонның рекордын қайталады.