Геннадий Головкин Қазақстандағы ауыр өмірі жайында айтып берді

БАҚ өкілдері боксшылардан рингтен тыс өмірдегі төбелестері жайында сұрады.

"Мен тіпті соңғы рет қашан төбелескенімді білмеймін. Бәлкім, мектепте шығар немесе ағаларыммен. Олардың бәрі боксқа қатысқан. Мен ең кішкентайы едім, сондықтан жеңіліп қала беретінмін", - деді Сауль Альварес.

"Сіздер шын төбелес жайында айтып тұрсыздар ма? Мен тілалғыш жігітпін. Тек бірер күн бұрын әйеліммен ғана төбелестім, бірақ, ол жеңіп қойды (күліп). Егер шынын айтар болсам, мен кішкентай кезімнен өскенге дейін күніге төбелесетінмін. Қазақстандағы өмірім өте ауыр болды", - деп жауап берді даңқты боксшы Геннадий Головкин.

Ол қазір өзінің Қазақстанда үлкен абыройға ие екенін де мақтанышпен айтып өтті.

"Үш күн бұрын Қазақстаннан келдім. Мен көздері жанып тұрған жас жанкүйерлерімді көрдім, маған үлкен үміт артып отыр. Мені Супермен немесе Темір адам деп ойлайтын секілді", - деп сөзін түйді қазақстандық боксшы.


Қос чемпион қыздар туралы да өз пікірлерімен бөлісті.

"Мен егер бір қызды ұнатып, онымен танысқым келсе мұны бұрында-ақ істейтін едім", - деді Канело.

"Сіздер маған мұндай сұрақты әдейі қойып отырсыздар ма?! Мен ақылды жігітпін! Әйелімді жақсы көремін! Мен үйге келгенде менің бастығым - әйелім. Ол не сұраса да істеймін", - дейді Головкин.

Еске салайық, қос боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүекте Лас-Вегаста өтеді.