Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан бұл шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз", - деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.

Қазақстандық спортшы видеоға үш тілде сипаттама жазды: "Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!"