Геннадий Головкин жеңіспен қоса, қоржынына 350 мың доллар салды

Оның мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық боксшы 19 қаңтарда Нью-Йорктегі шоуда белгіленген ең қомақты қаражатқа ие болды. Росада болса өз кезегінде бұл кездесуден 150 мың доллар қаражат тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы қарағандылық боксшы соңғы кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол жетінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. Осылайша, Головкин WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын сақтап қалған болатын.

Айта кетейік, Г. Головкин 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада финалисті, 2006 жылдан бастап кәсіби рингте өнер көрсетіп келе жатыр. Головкиннің кәсіби рингтегі өнері көз қуантады: отандасымыз 25 кездесуде 25 рет жеңіске жетті. Соның 22-сінде қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберіп аяқтады.