Геннадий Головкин жылдың үздік боксшыларының бестігіне енді

Bleacher Report нұсқасы бойынша Геннадий Головкин бұрынғыша алғашқы бестіккегі орнын сақтап қалған.

Биылғы жылы орташа салмақтағы (30-0, 27 КО) WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ганалық Осуман Адаммен (1 ақпан, Монте-Карло, Монако) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп (жетінші және үшінші раундта), содан кейін  австралиялық Дэниэл Гилді жеңген(27 шілде, Нью-Йорк, АҚШ). Үшінші жекпе-жек Лос-Анджелесте 18 ақпанда WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өтеді деп күтілуде.

Bleacher Report нұсқасы бойынша  «2014 жылғы боксшы» атағына үміткерлер тізімі:


1. Пуэрторикалық Мигель Котто;

2. Америкалық Флойд Мейвезер;

3. Мексикалық  Сауль Альварес;

4. Америкалық Теренс Кроуфорд;

5. Қазақстандық Геннадий Головкин.