Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингке шыққанына 10 жыл толды


«Бүгін менің кәсіпқой жекпе-жекке шыққаныма он жыл. Жанкүйерлеріме қолдау көрсеткендеріңіз үшін зор алғыс айтамын. Ең сұмдық «драма-шоу» әлі алда!», - деп жазды GGG твиттердегі жеке парақшасында. 

Г.Головкин кәсіпқой рингте 35 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Жақында болған кезекті жекпе-жекте ол америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2-ші раундта сұлатып түсірді.