Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды

Бірден іске кіріскен «Барыс» әне-міне дегенше есеп ашып алға шықты. Бұл эпизодта Константин Руденкодан жеткен пасты қақпаға дәл бағыттаған Дмитрий Уппер көзге түсті. Жерлестеріміз үшін  кездесудің екінші бөлігі өте нәтижелі аяқталды. Алдымен  Роман Старченко мергендік танытса, одан әрі өз мүмкіндіктерін бос жібермеген Найджел Доус пен Михаил Паньшин есепті 0:4 жеткізді. Осы жеңістен кейін  67 ұпай жинаған «Барыс»,   Шығыс конференция лидері «Ақ барыстан» бір ұпай қалып келеді. Ертең  астаналықтар  Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» күш сынасады.

 

Орта салмақта WBA және IBO тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинның кезекті қарсыласы белгілі болды. 31 жастағы қарағандылық  1-ші ақпанда ганалық былғары қолғап шебері Осуману Адамамен жұдырық түйістірмек.

Бұл бірінші кезекте африкалық үшін тамаша мүмкіндік. Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізген ганалық 2 рет жеңіліп, 22 рет жеңісті тойлаған. Қазірдің өзінде Головкинның белдігін тартып алуға уәде берген Осуману бабында екендігін жеткізіпті. Қазақстандық боксшы бұл жұпта айқын фаворит екендігі сөзсіз. Титулдық бәсеке 1-ші ақпанда Монте-Карлода өтеді. Бұл алдағы жылдға жоспарланған төрт жеке-жектің алғашқысы. Осыдан кейін Головкин 26-шы сәуірде рингқа шығатынын мәлімдеді.

 


Футзалдан УЕФА кубогының иегері алматылық “Қайрат” төрттік финалына дайындалуда. Елімізде шағын футболдың дамуына елеулі үлес қосқан алматылық команданың негізгі құрамына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов пен Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев “Қайрат” футболшыларына төсбелгі мен спортшебері куәлігін табыстады.                Өткен маусымда қарсылас шыдатпаған Какау шәкірттері Еуропаның мәртебелі кубогын жеңіп алған болатын. Биыл да “Қайрат” сол атақты абыроймен қорғауға дайын. Тек команданың негізгі ойыншысы Лео Сантана жақында ресейдің “Сибирьяк” командасына қоныс аудармақ.