Бапкерге метамфетамин саудалады және анашаны өз көлігінде тасымалдады, сонымен қатар заңмен тыйым салынған препараттарды қолдануға мүмкіндік беретін түрлі құрылғыларды сақтағаны үшін айыпты деп танылды.
BoxingScene сайтының хабарлауынша, Морган азаматтық киімдегі полиция қызметкерлеріне 28 грамм метамфетаминді 6400 долларға сату кезінде құрықталды.
Еске салайық, Вилли Монро мен WBA/IBO/WBC Interim чемпионы Геннадий Головкиннің арасындағы жекпе-жек 16 мамырға белгіленген.