Герман Греф Ертіс ауылындағы мектебіне сыйлық жолдады

деп хабарлады Ертіс аудандық әкімдігінен.

Ресейлік банктің Павлодардағы филиалының директоры Максим Кулагин білім ошағына 11 компьютер, интерактивті тақта, фотоаппарат, бейнекамера және көшірме техникасын табыс етті. Ресейлік танымал қаржыгер бұл мектепті осыдан 30 жыл бұрын бітірген.

Салтанатты шарада аудан әкімі Владимир Левченко, бұл мектеп - аудандағы үздік білім ошағы екенін, онда тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейтінін, ал көптеген түлектері бүгінде ел таныған азаматтар екенін атап көрсетті.