Германия 2022 жылға қарай атом энергиясынан бас тартады

деп мәлімдеді елдің қоршаған ортаны қорғау министрі. Бұл туралы Би-Би-Си-ді Орыс қызметі хабарлады.

Бұған дейін этникалық мәселелер бойынша энергетикалық саясат жөніндегі комиссия неміс өкіметіне атом энергиясын пайдаланудан толығымен бас тартуды ұсынған еді.

Комиссия мүшелерінің пікірінше, АЭС-тан бас тартуға байланысты электр қуатының жетіспеу мүмкіндіктері туса, оны басқа көздер арқылы толтыруға болатын көрінеді.