Германия азаптау оқиғаларын қарастыру және тергеу жөніндегі жобаны қолдау үшін Қазақстанға 5 млн теңге бөлді

Кеше "Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының" жетекшісі Евгений Жовтис және ГФР бас консулының міндетін атқарушы Юлия Гросс Германия үкіметінің адам құқықтары және ізгілік көмек жөніндегі уәкілетті өкілі Гюнтер Ноке мен Германия бундестагының депутаты Арнольд Ватцның қатысуымен өткен кездесуде жобаны жүзеге асыру үшін грант бөлу жөніндегі келісімге қол қойды.