Германия елшілігі Қазақстандағы немістердің хал-ахуалымен танысуда

П.Кеттнердің айтуынша, Германияелшілігінің өкілдері Қазақстандағы немістердің хал-ахуалымен танысу үшін республиканың барлық қалалары мен өңірлерін аралап шықпақшы.

Елшілік өкілдері Семейде тұратын немістермен кездесуде оларды қызықтырған сауалдарға толыққанды жауап берді. Ұлт өкілдері Германияда тұратын туыс-туғандарына және Германияға қоныс аудару мәселелеріне қатыты көп сұрақтар қойды. П.Кеттнердің айтуынша, "Германияға қоныс аудару- машақаты көп шаруа. Қазақстанда тұратын көптеген немістер үшін осында тұру әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Өйткені, олар осында туып-өсіп, қазақ және орыс тілдерін жеттік меңгерген".
Ол сонымен бірге өткен жылдармен салыстырғанда консулдық бөлімге көшу туралы өтінішпен келетіндер саны біршама азайғанын жеткізді. "Бұл - Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты болмақ. Көп ұлтты Қазақстан - немістер үшін тұруға қолайлы жер",- деді ол. Дегенмен, П.Кеттнердің айтуынша, консулдық бөлім Германияға қоныс аударуға ниет білдірген немістерге қолұшын беруге дайын.
Семейге сапары барысында консулдық бөлім қызметкерлері педагогикалқ институтта болып, неміс филологиясы бөлімінде оқитын студенттермен кездесті. Қонақтар Германияда қазір атап өтіліп жатқан Шиллер және Эйнштейн жылына арналған дәрістер оқыды.