Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға "Возрождение" қоғамдары тарапынан виза рәсімдеу барысында қасақана тәртіп бұзу және ретсіздік оқиғалары жиі кездесуі себепкер болған.
""Возрождение" қоғамдары елшілікпен алдын-ала ұйғарым жасаспай-ақ виза рәсімдеуге қолұшын беріп келе жатқанын атап өткіміз келеді",- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстандағы немістердің "Возрождение" қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы 1989-жылы құрылған. Бұл қауымдастық Қазақстан мен Германия арасында мәдениет, білім беру және неміс тілін зерттеу саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мақсатын көздейді.