Әйгілі көпкүндік супер велодода “Тур де Франстың” 9-шы кезеңінде “Астана” командысының өкілі италиялық Винченцо Нибали генералдық тізімде екінші орынға сырғыды. Бұған дейін көш бастап келген ол, Тони Галлопиннен 1 минут 34 сеунд қалып келеді.
170-шақырымға созылған бұл кезеңде “Омега Фарм Куйк Стэпп” командасының шабандозы неміс Тони Мартинге тең келер ешкім болмады. Мәреге 59 шақырым қалғанда суырылып алға шыққан ол сол бойы ешкімге жеткізбеді. Екінші болып Фабио Канчеларра келсе, Грег ван Авермат үштікті түйіндеді. Генералдық тізімдегі орнын жоғалтқан Нибали енді қалған кезеңдерде сары жейдесін қайтаруға тырысары анық.
Ұлттық баскетбол қауымдастығының жарқын жұлдыздарының бірі Лейброн Джеймс өзінің бұрынғы клубына қайта оралды. “Майами Хит” сапында екі дүркін чемпион болған ол енді “Кливлендте” өнер көрсетпек.
Келісім шарт екі жылға жоспарланған. Осы уақыт аралығында ол 42 миллион доллар табыс таппақ. Лейброн Деймс “Кливленд” құрамында 2003-ші жылдан 2010-шы жылға дейін ойнаған. Ал қалған уақытта ол “Майамиға” қоныс аударған болатын. Джеймс төрт рет ұлттық баскетбол қауымдастығының ең бағалы ойыншысы болып танылды. Сондай-ақ 10 рет жұлдыздар матчына қатысқан майталман.