Германия канцлері желтоқсан айында ресми сапармен елімізге келеді

Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, Германия лидерінің Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері тұңғыш рет жасағалы отырған ресми сапары еліміз үшін айрықша саяси маңызға ие. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі алдағы кездесу екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға қосымша серпін береді дегенге сенім білдірілді.