Caravan Logo

Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ

Германия мен Қазақстан арасында етене жақын байланыстар орнатуға этникалық немістер түрткі болмақ

"Соғыс жылдарында елімізге айдалып келген немістер екі ел арасындағы "алтын көпір іспетті",- деді Н.Назарбаев. Осы орайда ол бұл ауқымға тарихи отанына қайтадан оралған этникалық немістер де, сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан аумағында тұратын неміс диаспорасы өкілдері де қамтылатынын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, бүгінде Қазақстан Республикасында неміс капиталының қатысуымен құрылған 364 кәсіпорын, соның ішінде 260 бірлескен кәсіпорын бар екенін еске салды. Сондай-ақ, ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына неміс капиталы Дойчебанктің өкілдігі арқылы да қамтылып отыр.