Германия тұрғындары Еуропалық банктің ашылуына қарсы шықты

Майндағы Франкфурт халқы қалада Еуропалық Орталық банк штаб-пәтерінің ашылуына осылайша наразылық білдірді. Жаһандануға үзілді-кесілді қарсы азаматтар аталған банктың саясаты тым қатал деп есептейді. Яғни онда қарапайым тұрғындарға ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Осындай наразылыққа қарамастан, Орталық Банктің жаңа ғимараты ашылды. Оны салуға 1 миллиард 300 миллион еуро жұмсалған. Жаппай ереуілге шыққан жұртты тыныштандыру үшін полицейлерге көзден жас ағызатын газ шашуға тура келді. Қолға түскен бұзақылар бірден абақтыға жөнелтілді.       

Loading...