Германияда 2007 жылы қаңтардың аяғында Қазақстан президентінің ресми сапармен келуін күтуде

"Осы айдың соңында Қазақстан президенті Берлинге ресми сапармен келеді",- деді Г.Вайс. "Менің ойымша, ол онда біздің ұлттық қарым қатынасымыз аясында ғана бармайды",-дей отырып, ол Германияның осы жылы Еуроодаққа төрағалық ететіндігін еске салды.

"Біздің жақ қаңтардың 1-нен бастап одаққа төрағалық етеді. Біз Қазақстан үкіметінің барлық салаларымен, экономика министрлігімен, әлеуметтік мәселелер, мәдениет және одан да басқа маңызды салалар бойынша байланыстар орнатуға әзірміз",-деп баса айтты Г.Вайс мырза. Оның айтуынша, қазіргі кезде Астана мен Алматыда ЕО мемлекеттерінің 16 елшілігі жұмыс жасап жатыр.

Сонымен қатар, Германияның Қазақстандағы елшісі Астанада қаңтардың 15 -і күні ҚР сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев және Еуроодақ елшілерінің қатысуымен салтанатты ас берілетіндігін айтты. "Бұл бізге алдағы мәселелер жайында бейресми жағдайда әңгімелесуге мүмкіндік бермек",-деді елші.

Сонымен қатар, ол биыл науырыздың 24-де Еуропалық интеграцияның 50 жылдығы тойланатындығына назар аударды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті