1945 жылы Берлин түбіндегі шайқаста опат болған 525 кеңес жауынгерінің атын мәңгілік есте қалдыру мәселесін шешіп жатыр. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жауынгерлер қорымына қызыл әскер қатарында отан үшін от кешіп, опат болған боздақтарымыздың есімдері жазылған тақталар ілу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Мемориал» бірлескен мәліметтер базасына өзгерістер енгізу көзделген.