Қатысушылардың көбі тоңып қалмас үшін арнайы жабдық, оның сыртынан мерекелік костюм киіп алыпты. Алайда жүрек жұтқан 40 кісі мұздай суға жай ғана шомылу киімімен түссе керек.
Судан шыққаннан кейін жылыну үшін барлық қатысушыларға ыстық сорпа таратылыпты.
- Мен құтқарушы болып жұмыс істеймін. Сенесіздер ме, бұл шараға 40 жыл қатысып келемін. Сол себепті қыста суға түсуде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын, - дейді қатысушы Франц Веснер.