Алапат құйын елдің солтүстік өңірін әбден әбігерге салды. Әсіресе, Росток қаласының маңындағы Бютцов елді мекені қатты зардап шеккен. Найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 120 метрге дейін жетіпті. Дүлей дауыл үйлердің шатырларын қиратып, ағаштарды тамырымен жұлып кеткен. Салдарынан Гамбург қаласының 26 жасар тұрғыны өз көлігінің ішінде қаза тапты. Үй төбесінен құлаған шатыр сынықтары машинаны басып қалған. Құтқарушылар қаза тапқандар мен жараланған адамдар санының әлі де артуы мүмкін екенін айтып отыр.
Loading...