Германияда ірі алтын қазына табылды

Бұл туралы Утро.ру немістің Passauer Neue Presse газетіне сілтеме жасап хабарлады.

«Шейцария банкі» деген жазуы бар алтын құймалардың алғашқы бөлігі 24 маусымда табылған болатын, тағы бір бөлігі жұмыстарды жалғастыру үстінде 26 маусымда кезіккен. Қазынаның тағы бір бөлігі жер астында жатуы мүмкін.

Енді табылған алтынның иесі кім екенін анықтау керек. Қалалық өкімет орындары өкілінің айтуынша, құқықтық жағынан алып қарағанда, табылған зат  қалалық олжалар бюросына берілуі тиіс. Дегенмен, полиция мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде алтын учаске иесінің сейфінде сақтаулы тұр.