Германияда өткен көрмеде Маңғыстау облысы өз әлеуетін паш етті

Көрмеде делегация халықаралық қоғамдастыққа жоспарлау мен жүзеге асырудың әртүрлі сатыларындағы инвестициялық жобаларды ұсынды. Атап айтқанда, "Кендірлі" демалыс аймағын дамыту" жобасын жүзеге асыру аясында туристік кластерді құру жайындағы бейнефильм көрсетілді. Оннан аса өнеркәсіп орындары өздерінің индустриялық мүмкіндіктерін көрсетті.

Д. Әділханов атап көрсеткендей, Ресей, Италия, Польша, Германияның атақты әлемдік компанияларының өкілдері Маңғыстау жобаларына, әсіресе, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағында жүзеге асыру жоспарланып отырған жобаларға аса қызығушылық танытты.

Д. Әділхановтың айтуынша, көрме барысында ынтымақтастық жөніндегі ниет хаттамасына қол қойылды. Германияның қаржылық институттары Маңғыстау жобаларын қаржыландыру ықтималдығы жайындағы ниет хаттамасына қолдарын қойды.

Сонымен қатар, жоғарғы білім беру жүйесін жетілдіру мен инженерлік кадрларды дайындау аясында Берлин мен Дрезден университеттері мен Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Осы меморандум аясында Каспий технологиялық университетінің құрылысы аяқталған соң Қазақстанның студенттеріне тәлім беру үшін неміс оқу орындарынан педогогтар тарту жоспарланып отыр. Жақын уақыттарда студенттер алмасу бойынша жұмыс басталады, - деп хабарлады Д. Әділханов.

Көрме күндері Маңғыстау делегациясы Хайдельберг қаласын аралады. Онда "Хайдельберг Цемент" компаниясының бас кеңсесі орналасқан. Осы компания Маңғыстау облысының Шетпе елді мекенінде цемент зауытын салу бойынша озық жобаны жүзеге асыруға кіріскен.

Бұдан өзге делегация "Папенбург" компаниясының жұмысымен танысты. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа технологиямен жабдықталған қоқыс өңдейтін зауытта болды.

Сондай-ақ, Д. Әділханов Маңғыстау облысынан барған көрмеге қатысушылар Гамбургтың теңіз порты мен арнайы экономикалық аймақты аралады.