Германияда пойыздар соқтығысып, 100-ге жуық адам жарақаттанды


«Қаза тапқандар бар, әзірге нақты қанша екенін білмейміз», - деді телеарнаға жергілікті полиция өкілі.

Оның айтуынша, «екі пойыз соқтығысып қалған». Пойыздардың бірі жолдан шығып кеткен болуы керек. Апат орнына жедел жәрдем, құтқарушылар жетті.