Германияда қымызмұрындық өткізген неміс азаматы қазақтарға қымыз жайлы дәріс оқиды

Ганс Цольман Германиядағы ең ірі қымыз өндіруші, қымызды Европада насихаттап жүрген тұңғыш шет елдік. Былтырғы жылы ол қымызмұрындық шарасын өткізіп, еуропалықтардың қымызға деген құштарлығын арттырған. Бүгінгі дәрісінде ол бие саумалы мен қымызды емге қолданудың тәсілдері жайлы оқиды.

Конгресс жұмысына белгілі ғалым А.Жанғабылов пен отандық қымыз өндіруші «Саржайлау» корпорациясының» төрағасы А.Нұрсила қатысып, қымыздың емдік қасиеті жайла өз ойларымен бөліседі. Сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген ас қорыту мүшелерінің ауруларын зерттеуші белгілі мамандар қатысатын конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР гастроэнтерологтарының еуразиялық қауымдастығы, Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті ұйымдастырып отыр.