Германияда теміржол қатынасы тоқтап қалды


Салдарынан алысқа қатынайтын жолаушыларға арналған пойыздардан өзге, жүк тасымалдайтын вагондар мен метро да тоқтап тұр. Бірінші болып күндізгі көлік кептелісі басталған уақытта шойын жолмен жүк таситын машинистер жұмыс орнын тастаса, артынан оларға қалғандары да қосылған. Бұған дейінгі ереуіл осыдан небәрі екі апта бұрын ғана аяқталды. Ол кезде кәсіподақтар қойған талаптарына қол жеткізе алмады. Олар жалақыны көтеріп, жұмыс уақытын қысқартуды сұраған болатын. Енді теміржолшылардың барлығы жұмыс орнын тастаған соң нәтиже шығады деген ойда.  Германияда күн сайын 6 миллион адам шойын жол қызметін пайдаланады.