Германияда төртемді дүниеге әкелген 65 жастағы әйел перзентханадан шықпақ

Таяуда ауруханадан шығады, деп хабарлады сейсенбіде Associated Press агентігі неміс дәрігерлеріне сілтеме жасап.

Үш ер бала мен бір қыз бала - төртеуі де 2,5 келіден. Балалар мамырда жүктіліктің 26-шы аптасында кесарева тілігі арқылы дүниеге келген.

Олардың анасы Аннегрет Рауниг төртем туған ең егде әйел саналады. Зейнеткерлікке шыққан мұғалім Раунигтің бұдан басқа бес ер адамнан тағы 13 баласы бар.