Германияда ұшқыштар тағы ереуілге шықты

Кәсіподақтар басшылықтың зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайтуына қарсылық танытуда. Мамандар ұшқыштардың жұмыстан қатты шаршап, ерте күйзеліске ұшырайтынын айтады. Ақпарат құралдарының мәлімдеуінше бүгінгі қарсылық шарасы құрлықаралық рейстердің жұмысын тоқтатса, ертең бұл жағдай Еуропа елдері мен ішкі рейстерге ауыспақ. Сөйтіп «Люфтганзаның» жұмысы уақытша тоқтап қалайын деп тұр. Әуе компаниясы мен кәсіподақтар арасындағы шиеленіс былтырғы сәуірден бері жалғасып келеді. Ал ұшқыштар 12-ші рет наразылық шарасына шығып отыр. 

Loading...