Германиялық Lufthansa әуе компаниясының ұшағы Франкфурт әуежайына апатты жағдайда қонды

 сейсенбі күні кері оралып, апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды ТАСС.

Франкфурт-Майами бағыты бойынша ұшуы тиіс болған LH462 рейсі ұшағының бір қанатында әуеге көтерілу және қону кезінде ашылып-жабылатын клапандардың бірінде ақаулықтар туындаған. Сондықтан ұшақ кері бұрылып, Франкфуртке қонған. 


Ұшақ ішінде 66 жолаушы болған. Оларға басқа ұшақтың қызметі ұсынылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Lufthansa компаниясының құрамындағы Germanwings әуекомпаниясына тиесілі ұшақ 24 наурыз күні Альпі тауының шатқалдарына құлады. Ұшақ бортында 144 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың 16-сы мектеп оқушысы, 2-уі сәби.