Германиялық мамандар Қазақстандық дәрігерлерді лейкемияны емдеудің қазіргі заманғы әдістерімен таныстыруда

Жазғы мектепте еліміздің барлық облыстарынан келген 16 гематолог-дәрігер дәріс тыңдауда. Дәріс соңында шет тілін меңгерген екі таңдаулы маман оқуды Германияда жалғастыру үшін іріктеледі ,- деді Ж.Арзықұлов.

Қазақтанда қан рагын емдеу үшін химиялық емдеу және сәулемен емдеу деген екі түрлі тәсіл қолданылады. Ал Германияда жілік майын ауыстырып отырғызу операциясы кеңінен таралған. Осынау қымбат операцияны Қазақстанда жасауға да мүмкіндік туындап отыр.
Онкология және радиология институты директорының айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде лейкемия дертіне шалдыққан 1283 адам тіркелді, ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 1204 болған.