Германияның Федералдық канцлері Шредердің Астанаға сапары аясында екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі

Форумға ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ГФР канцлері Герхард Шредер қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, Г.Шредер 4-5-желтоқсанда елімізге ресми сапармен келгелі отыр. Сапар барысында Г.Шредер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездеседі. Сапар кезінде екі жақты бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.