Полициядағылардың айтуынша, дипломатиялық ғимараттың алдында жарылғыш зат орнатылған автомобиль жарылған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша, сағат 08.30-болды.
Жарылыс салдарынан 10 шақты адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды. Қазіргі уақытта ауруханаға 67 адам жеткізілген. Жарылыс президент сарайынан алыс емес маңда, шет елдер елшілігінің маңында болды. Көптеген ғимараттардың терезелері шағылып, есіктері сынған. Соның салдарынан "Синьхуа" агенттігінің Кабулдағы бюросының ғимараты да бүлінген. Әзірге ешқандай топ бұл жарылысты мойнына алған жоқ.