Германияның Магдебург және Вернигерод қалаларында Қазақстан экономикасының күндері өтті

Германияның саяси және іскерлік өкілдері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, республиканың инвестициялық мүмкіндіктерімен, банк жүйесінің қазіргі ахуалымен танысты. Тұсаукесер барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан индустриялық- инновациялық даму, тұрғын үй құрылысын дамыту, ауылдық аумақтар мен аграрлық индустрияны дамыту, республика аумағында технологиялық саябақтар мен бизнес инкубаторларды дамыту бағдарламалары таныстырылды.

Германия жағы екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келе жатқанымен, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті бұрынғыдай зор екенін атап өтті. Германия тарапынан Қазақстан экономикасының өңдеуші кәсіпорындарын жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету саласына инвестиция жұмсау мүмкіндігі аса зор екені айтылды.