«Коттомен жекпе-жек орын алады деп ойламаймын, себебі оның жоспарларында Головкинге орын жоқ секілді. Оның соңғы кездесуі былтыр маусымда болды. Ол енді қашан рингке оралатынын білмейміз. Өзге сценарийді күту де өте қиын, себебі ол орта салмақта соншалықты ірі боксшы емес. Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыруға келсек, бұл - басқа мәселе. Бұл боксшымен кездесу жасау Коттоға қарағанда, қолдан келетін сияқты, оның үстіне мексикандықтар Головкинді жақсы көреді», - дейді ол Boxingscene сайтына берген жауабында.