Germanwings ұшағының апатқа ұшырауынан болған шығын қанша соманы құрады?


300 млн доллар деп бағалап отыр (шамамен 275 млн еуро), деп хабарлады Deutsche Welle.
Хабардар дереккөздердің айтуынша, 300 млн доллар деген төленетін соманың жобасы ғана, түпкілікті цифр бұдан не аз, не көп болуы ықтимал.
Сақтандырушының айтуынша, төлемнің басым бөлігі қаза болған 150 адамның туыстарына төленетін өтемақы. Бұл соманың ішіне іздеу операциясына жұмсалған қаржы мен құлаған ұшақ үшін өтемақы сомасы да енген. Лайнердің жұмыс істегеніне 24 жыл болғандықтан, ол небары 6,5 млн доллар деп бағаланып отыр.
Allianz –ұшақтарды сақтандырушылардың бірі, алайда ресми түрде не бұл концерн, басқа сақтандырушылар - америкалық AIG корпорациясы, швейцарлық Swiss Re компаниясы бұл жағдайға орай ой бөліскен жоқ.