ГФР канцлері Ганновер көрмесінде Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктеріне тәнті болды

Германия Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі, деді Г.Шредер.

Германия Федеративтік Республикасында ресми сапармен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Қазақстанның осынау ауқымды көрмеге қатысуына "өте қуанышты " екенін мәлімдеді. "Қазақстан сіздің ресми сапарыңыздың арқасында "Hannover Messe 2004" халықаралық көрме-жәрмеңкесінде қатысуға мүмкіндік алды",- деді президент. Н.Назарбаев көрмеге қойылған қазақстандық өнімдер Германияда сұраныс табады дегенге сенім білдірді.
"Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның қайтадан жаңғырып қана қоймай, экономикалық жоғары өсімге қол жеткізе алуы Қазақстан үшін үлкен үлгі",- деді Н.Назарбаев. "Өз басым екі ел арасында етене жақын қарым-қатынас орнатып, екі жаққа бірдей тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін бар күшімді салатын боламын",- деді Елбасы.
Қазақстан мемлекет басшысының Германияға сапары барысында түрлі салалардағы бірқатар екі жақты құжаттарға, соның ішінде мұнайгаз саласындағы келісімге қол қойылады деп күтілуде.