Бұл сапарды облыстық спорт басқармасы ұйымдастырды. Боксшы өз кезегінде ізбасар інілеріне бокстың негізгі тәсілдерін үйретті. Олардың арасында жаттығу залына енді келіп жүрген жастар мен түрлі спорттық сайыстарда жүлде алып жүрген спортшылар бар.
- Спортшымен кездескеннен кейін жатығу залына келетін спортшылардың қатары көбейеді деген сенімдемін. Өйткені Геннадий Головкинді қарсы алып, оны көруге келгендер көп болды, дейді облыстық спорт басқармасының басшысы, Азамат Бекет.