Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Вилли Монромен кездесуге байланысты баспасөз мәслихатында Мейвезермен немесе Пакьяомен жекпе-жекке шығу үшін салмағын 154 фунтке дейін түсіруге дайын екенін айтты.
- Бұл бизнес екенін түсінемін. Алайда бұл аса үлкен салмақ жоғалту емес. Өткен жекпе-жекте салмағым 158 фунт болған, - деді GGG.