Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков осылай мәлім етті.
Әкім өз сөзінде даңқты боксшымен бірнеше мәрте тілдескенін және оның елден жыраққа кету ойында да жоқ екендігін баса айтты.
«Менің білуімше, Г.Головкин елден кетпек емес. Тіпті, ол ойында да жоқ. Таяуда ғана одан «Сіз Ресейдің атынан өнер көрсетуге келісесіз бе?», деп сұраған болатын. Сонда ол: «Мен Қазақстанда дүниеге келдім, анам сол елде тұрып жатыр. Мен өзімді қазақпын деп санаймын», деп жауап берген еді. Бұдан бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясында Головкин: «Әкем - орыс, шешем - кәріс, ал мен қазақпын», деп ағынан жарылғаны есте. Меніңше де ол ешқайда кетпейді», - деді әкім.