"Ғалам аруы": "Мені байлар төсекке сүйрейді. Одан қорқудың қажеті жоқ"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан аруы" байқауына қатысқан әрбір қыздың басында болатын жағдай. Бұған налудың қажеті жоқ. Керісінше, ешкімнен қорықпай, өз-өзіңе сенімді болуың керек. Әлеуметтік желіде маған байшыкештер төсек қатынасын жиі ұсынады. Оларға жоқ деген жауап беремін", — дейді Кәмила Серікбай.


Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын "Қызылорда аруы — 2017" байқауының жеңімпазы Гүлнұр Нұртаза жұмыс таппай, Алматыдағы дәмханада ыдыс жуып, аспаздың көмекшісі болып жүргенін айтқан еді. Өйткені оған да бұрынғы жұмысындағы бастықтары төсек қатынасын ұсынған.