Халықаралық еңбек ұйымының бағалауынша, жұмыссыздар санының шұғыл өсу мүмкіндігі ең бастысы несие нарығындағы дүрбелең мен мұнай бағасының өсуінен болған экономикалық сілкіністерден туындап отыр.
Баяндамада атап көрсетілгеніндей, ағымдағы жылға жасалған жаңа болжам былтыр байқалған ахуалдан мүлдем өзгеше. Ол кезде ғаламдық Жалпы ішкі өнімнің 5% астам тұрақты өсімі ғаламдық еңбек нарығының тұрақтануына алып келді. Өткен жылы жұмысқа қамтылғандар санының өсуі байқалып, жаңа жұмыс орындарының саны 45 млн дейін өсті, сондай-ақ, жұмыссыздар саны да шамалы өсіп, олардың дүниежүзіндегі жалпы саны 1899 млн адамға жетті.
"Қазір жұмысы бар адамдардың саны бұрынғыдан әлдеқайда арта түскеніне қарамастан, бұл олардың барлығы да лайықты еңбек ету жағдайымен қамтамасыз етілгенін білдірмейді. Жұмыссыз емес екеніне қарамастан, көптеген адамдар қорғаусыз әрі сенімінен айрылған "жұмыстағы кедейлер" санатында қалып отыр", - деді Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Хуан Сомавия.
Баяндамада келтірілген мәліметтерге сәйкес, дүниежүзіндегі жұмыс істейтін әрбір он адамның бесеуі отбасылық кәсіпорындардың жұмысшысы ретінде, немесе, қорғаудан айырылу тәуекелі жоғары өз бетімен жұмыс істейтіндер санатындағы аз қорғалған ахуалда. Дамушы елдерде жұмысшылардың аталған екі санаты көбінесе бейресми секторда болып шығатындықтан, соған байланысты олардың жұмысы кедейліктен және кірісі төмендік, қауіпті еңбек ету жағдайы және медициналық сақтандырудың жоқтығы тәрізді тәуекелдерден қорғауға кепілдік бере алмайды.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтерінше, дүниежүзінде шамамен 487 млн жұмыскер (жалпы жұмыскерлердің 16,4%) өздері мен өз отбасыларының күніне бір адамға 1 доллардан келетін кедейлік шегінен сытылып шығуға мүмкіндік беретіндей әлі де лайықты жалақы ала алмайды, ал 1,3 млрд жұмыскер (43,5%) әлі де күніне $2 кем қаражатқа күш кешеді.
Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, баяндамада Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі еңбек нарығы көрсеткіштерінің оңды өзгерісі атап көрсетілген, бұл елдерде кейінгі жылдарда қорғаусыз жұмыспен қамтылушылықтың азаю ағымы байқалуда. Жалпы халық санына шаққандағы жұмыспен қамтылғандар үлесінің аздап артуы еңбек жасындағы халықтың өндірістік әлеуетін мейлінше толық пайдаланыла бастағанын көрсетеді.
Халықаралық еңбек ұйымы - БҰҰ жүйесіндегі агенттік, ол адам құқықтары мен еңбек саласындағы құқықтардың дүниежүзінде мойындалған әлеуметтік әділеттілік принциптерін ілгерілетуді өз мақсаты етіп қояды.
Халықаралық еңбек ұйымының бас пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.