Ғаламтор кеңістігі тағы бір мазмұнды сайтпен толықты

Қазір бұл порталда 1 жарым мың кітап тіркелген. Барлығы отандық ақын-жазушыларының туындысы. Ол қазақ тілімен қоса, орыс, ағылшын, түрік тілдеріне де аударылған. Жалпы әдеби шығармаларды сайттан ашып оқимын дейтін оқырман үшін кітап қоры толығып отырмақ. Порталға жыл сайын 38 кітаптан енгізіліп тұрмақшы. Бұл мақсатқа бюджеттен 146 млн теңге бөлінбек. Ал, көз майын тауысып жазған еңбектерінің енді электрондық нұсқасы болатынына қаламгерлер қуанып отыр.


Уәлихан Қалижан, жазушы:

-Енді табан тоздырып, әлемдік кітапханаларды іздеудің қажеті жоқ. Бұл кітаптардың бәрі осы әдебиет порталында қойылды.4 тілде шығатын бұл әдебиет порталы біздің халқымыздың үлкен рухы мықты халық екендігін көрсететін жәдігер.