Ғаламтор өзіне-өзі сүйсіне қараушылардың ортасына айналып барады - И. Братцев


Оның айтуынша, ғаламтор негізі позитивті қызметтерді, яғни ақпараттық, оқытушылық, коммуникативтік және ойын-сауықтық қызметтерді атқаруы тиіс.

«Бірақ, бүгінде ол көп жағдайда «өзіне-өзі сүйсіне қараушылық» қызметті атқарып жатыр. Яғни, онда барлық адам өзіне сүйсіне қарау үшін немесе басқалар сүйсініп, қызығып қараулары үшін өзі туралы жазады, өзін жарнамалайды, өзін айдай әлемге жария етеді. Оның үстіне қазір ғаламтордағы барлық порталдар қолжетімді. Оларды тіпті балалар да ашып көре береді. Бұл жерде балалардың қауіпсіздігі мәселесі туындады. Сондықтан, ғаламтордың түптеп келгенде өзіндік бір стратегиялық мақсаты болуы керек. Қазір мұнда ретсіздіктер көп», - деді өз сөзінде Игорь Братцев.

Аталмыш форум барысында Орталық Азия елдерінде Интернеттің дамуы барысы талқыланады. Оған мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, академиялық орта мен бизнес дипломаттар өкілдері, интернет-белсенділер, журналистер, заңгерлер және шетелдік интернет-сарапшылар қатысуда.

Сонымен қатар, форумға Орталық Азияның 5 елінен: Ресей, Украина, Литва, Беларусь елдерінен сарапшылар келген.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылып отыр.

Форум екі күнге созылады.