Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті

Әсіресе жұбайы Айнамкөзге арналған “Махаббатым” әнінен кейін Серіктің тыңдармандар саны күрт өсті. Бүгінгі таңда Ибрагимов талмай-тынбай еңбектеніп келеді.

Жуырда әнші қоғамның өзекті мәселесіне айналған тақырыпта жазған әнінің тұсауын кесті. Телефон мен ғаламторға тәуелді болып қалған қазақ қыздарына арнаған әнін Серік “Ғаламтордағы қыз” деп атапты.

Желідегі пікірлерге қарасақ, Серіктің әні көпшілікті риза еткен. Айта кететін жайт, жаңа әнді Серіктің өзі жазған, ал сөзі – Ершат Қайболдиндікі.