Ғаламтор жұлдызына айналған Үлбі полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен қуылды

-Қауіпсіздік белдігін тағып, жол ережесін бұзбау керек. Еліміздің заңы бойынша құжаттарыңызды маған беруіңізді сұраймын.

-Сен не деп тұрсың? Кімге сөйлеп тұрғаныңды білесің бе?Жұмыстан шығарып жіберемін сені!

Осылайша жол сақшысын, яғни әріптесін қызметтен қуамын деп доқ көрсеткен подполковниктің өзі жұмыссыз қалды. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстандағы полицейлер арасындағы ұрыс-керістің бейнежазбасы ғаламторға шығып кеткен. Облыстық ішкі істер департаменті тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне қатысты тексеру жүргізіп, ережеге бағынбайтын заң қызметкеріне қатаң шара қолданды. Сондай-ақ, Жақсыбаевты тоқтатқан жол сақшысы да жазадан құтылған жоқ. Бейнежазбаны заңсыз жүргізгені үшін оған да шара қолданылды. Ал подполковник жол ережесін бұзғаны үшін де жазаланған.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Сонымен қатар, подполковник Жақсыбаев өрескел жол ережесін бұзғаны үшін, яғни, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, ол айыппұл төледі.

Loading...