Бірақ бұл бейнебаянда Қуандық Рахым әнді әуел бастағы Гаухар Сардарбекпен емес, Альбина Шардаровамен қосылып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Енді дәл осыған қатысты дау шығып жатыр. Ғаламторға жарияланған бейнебаянның астына көптеген пікір жазылған. Солардың кейбірі "орта жолдан басқа біреуді қосқанша, дауысы керемет Гаухар Сардарбектің өзін шығармай ма?" дегенге сайса, енді бірі Альбинаның да дауысының жақсы екенін айтқан.
Youtube желісіндегі пікірлердің біразын оқырмандардың назарына ұсынамыз (жазбалар редакцияланған).
Abylai Zhashkeev: Мынауың үлкен қателік болды, Қуандық. Гаухардың дауысы керемет едi.
Қанат Ахметов: 2-3 күн қалғанда, Гаухардың ата-анасы клипке түсуге рұхсат бермепті.
Ілияс Үсен: Бірақ мына қыздың дауысына қарағанда, Гаухар Сардарбектің дауысы жақсы еді.
Konil_kino: Клип жақсы екен. Бірақ Гаухар жақсы орындайды.
Аяжан Мелисова: Гаухар өз себептерімен бейнебаянға түсе алмады деп айтылған жоқ па. Қызды (Альбинаны - ред.) сонша тұрса сопақ, отырса опақ қылып не болды? Гауһарда бар талант Альбинада да бар. Екеуін салыстыруға мүлде келмейді. Екеуінің де өзіндік ерекшелігі бар. Альбина әнді керемет айтады. Маған сенбесеңіздер, Инстаграмдағы парақшасынан каверлерді көрсеңіздер болады. Ескі, сағындырған әндерді керемет орындайды. Альбинаны тіпті Сəкен Майғазиев ағамыз мақтаған деседі. Өнерге енді аяқ басып келе жатқан қыз ғой. Кішкене қолдаудын орнына ауыр сөздер айтып жатырсыздар.
Аталған әннің Гаухар Сардарбекпен бірге орындалған нұсқасы.
"Болайық бірге" әнінің әуені өзбек сазгері Мирхалил Махмудовтың "Азизим" әнінен көшірілген. Бірақ Қуандық Рахым оны автордың рұқсатымен алғанын айтқан болатын.