Ғаламторда Ди Каприо ұшыраған көлік оқиғасының видеосы пайда болды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, кеше Ди Каприоның Нью-Йорктың Хэмптос ауданында көлік апатына ұшырағанын хабарлаған едік. Актер отырған Range Rover автокөлігіне Mini Cooper көлігі келіп соқтығысқан болатын.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.


Куәгерлердің сөзінше, Лео алдымен өз сүйіктісінің аман-саулығына көз жеткізіп, артынша кінәлі автокөлік иесіне көмек қолын созған. Сондай-ақ, әлемге әйгілі актер сүйіктісін құшақтап жұбатқан екен.

Loading...