Ғаламторда қара нәсілді әншінің қазақ тілде Алматы туралы бейнебаяны жарық көрді

Өзінің Алматыға деген сезімін әнші қаланың тартымдылығы мен тұрғындарының жылы шырайлығымен түсіндірді.
Rich D творчествосы Нигериясында бастау алған. Кішкене кезінде шіркеу хорында ән салыпты.

Ал Қазақстанға жоғары білім алуға  келіп, мансабын шоу бизнестен бастаған: түнгі клубтарда DJ жүргізуші болып, сонымен қатар өзінің жеке әндерін де жазды. Содан кейін бірнеше жылға АҚШ-қа оқуға кетіп, сол жақта атақты музыка мектебін тәмамдаған. 2014 жылы Rich D  Алматыға қайта оралып, қазақ елінде творчествосын дамытуға бел байлады. Rich D репертуарында  10-нан арта авторлық қазақша , ағылшын, орыс тілінде, сондай-ақ  танымал ретро әндердің кавер түрінде және поп әндер бар. Rich D орыс және ағылшын тілін еркін меңгерген, қазір қазақ тілін  ден қойып үйренуде. Жақында қазақ тілінде өзі жазған әндерін шығаруды жоспарлап отыр.